"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Білгенге маржан


Жабы жылқысы

Жабы, жабы жылқысы — байырғы қазақ жылқысының бір түрі. Қазақстанның оңт.-батыс және оңт.-шығысында өсіріледі. Денесі ірі, басы дөрекілеу, мойны қысқа, омыраулы, кеудесі кең, жоны жалпақ сауырлы, құйрық-жалы қалың әрі ұзын, денесі тығыз, етті болады. Салт мінуге де, жегуге де ыңғайлы. Әдетте торы және жирен түсті, сүр көк болады, қара түстісі сирек кездеседі. Алыс жолға төзімді. Жайылымда жүргеннің өзінде өр биеден тәулігіне 11-15 л сүт саууға болады. Жайылымда семірген жабы жылқыдан 230-250 кг таза ет түседі. Айғырының шоқтығына дейінгі биікт. 144,8 см; тұрқы 150,8 см, кеуде орамы 179,1 см; жіліншік орамы 19 см; жайып семірткендегі орташа салмағы 470 кг. Жабы Қазақстанның көптеген шаруашылықтарында ет үшін өсіріледі.

 

Дереккөзі: Қазақстан. Ұлттық энциклопедия[Мәтін]: Т. 3/ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2001. – 462 б.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика