"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Қазақтың ақбас сиыры

Қазақтың ақбас сиыры — ет бағытындағы тұқым. Қазақстан мен РСФСР-дың оңтүстік-шығыс аудандарында қалмақ және жергілікті сиырларды герофорд тұқымымен будандастырып, үшінші ұрпақ будандарын бірыңғай өсіру арқылы шығарылды. Жеке тұқым ретінде 1950 жылы қабылданды.

Жайылымға жақсы, тез ет алады. Ыстық-суыққа төзімді. Денесі ықшам, сүйегі берік. Сирағы қысқа, төртбақ, мойны қысқа, жуан, жонды, кеудесі кең, төсі салыңқы. Шоқтығының биіктігі 124—125 см, тұрқы 152— 156 см, жіліншілігінің орамы 18—20 см. Жайылымда семіртілген өгізшелердің сойыс шығымы 63—67%. Шығыс Қазақстан, Семей, Орал облыстарының шаруашылықтарында аудандастырылған.

 

Дереккөзі: Шаңырақ (ысқаша үй-тұрмысы энциклопедиясы)/ Бас редактор Р.Н.Нұрғалиев. – Алматы: «ҚазақСовет энциклопедиясының» бас редакциясы, 1989. – 504 б.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика