"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Атеросклероз

Организмнің бала кезден бастап елеусіз дамитын созылмалы және толқынды түрде болатын жалпы ауруының негізінде зат алмасу процестерінің, ен алдымен липидтің, әсіресе холестериннің және липопротеидтердің, сондай-ақ белоктық алмасулардың бұзылуы жатыр. Атеросклероздық жергілікті білінуі серпімді артериялардың зақымдануы болып табылады. Осы қан тамырларында біртіндеп атеросклероздың түйіні (бляшки) түзіледі де қан тамыры кеңістігін тарылтып, онымен жүретін қаннын ағысын бұзады. Атеросклероздық процесс бәрінен бұрын қолқаны, сонан кейін жүрек. бас ми артерияларын зақымдайды. Бұдан аяқ-қол, бүйрек және басқа да артериялар да көп зардап шекті.

Түйін түзілуінің соңғы сатысында кальций тұздары жинақталып, ізбеске айналады.

Қолка (аорта)атеросклерозында аорталгия-төстің жоғарғы бөлігінде қолқаны бойлай,екі қолға және омыртқа- ға таралатын ауырсыну пайда болады.

Ми қан тамырларының атеросклерозында бас айналады, ауырады, құлақта шуыл пайда болады, ұйқы нашарлайды, мінез-құлық өзгере бастайды, не болса соған ашуланады, уақ-түйекшіл келеді.

Есте сақтау қабілеті бұзылады, біртіндеп тіпті өзінің аты-жөнін де ұмыта бастайды, жақын туыстарын танымайды, жүріс-тұрысы да икемсізденеді.

Атеросклероз қолқаның құрсақ бөліміне таралады, яғни мезентериялык тамыр атеросклерозды науқас тамақ- танғаннан кейін біраз уақыт өткен соң іштің жоғары бөлігін ауыртады. Іштің желдеуі, іш қатуы, кекірік те қабаттасуы мүмкін. Асқынған кезде тромбоз дамып, ішектің гангренасымен аяқталады. Пертитонит симптом- дары білінеді.

Бүйрек артериясының атеросклерозында белдің тұсы ауырады және артериялық белдің тұсы ауырады және артериялық жоғары қысым тұрақтай бастайды.

Аяқ қан тамырларының атеросклерозында аяқтар ауырады, жүрген кезде көбінде балтыр бұлшық еттердің құрысуының ұстамалары байқалады. Мұндайда адамның жүрісі қиындайды, амалсыздан тоқтауына тура келеді. Бұдан баска симптомдары аяқ салқындап,тонады,жалған сезім сезіледі,терінің түсі өзгереді,құрғайды,жұқарады. Кейінгі сатыларда аяқтың бәшпай- ларында, өкше, сирақта трофикалық ойық жаралар байқалады. Аяқ артерияларында тамырдың соғуы әлсірейді.

Коронарлы артерия атеросклерозға шалдыққанда жүректің ишемиялық аурулары, мысалы, стенокардия, жүрек бұлшық етінің инфаркті дамиды.

Қолқаның айқын атеросклерозында серпімді және бұлшық ет тамырлары семіп, аневризм пайда болуы мүмкін.

Атеросклероздан жер шары халқының көп бөлігі зардап шегеді. Қазіргі таңда дәрігерлер бұған жол бермеудің амалдарын қарастыра келіп, атерогенез процесін тоқтатуға, тіпті атеросклеротикалық түйіндақтардың регрессиясын тудыруға болады деген тұжырымға келіп отыр.

 

Емдеу және алдын алу.

 

Емдеу мен алдын алу қандай да болсын препараттарды қабылдаумен емес, ол салауаттылыктың тұтас кешенді факторлары және тамақтану сипатын жөнге келтіру арқылы жүзеге асады. Алдымен аурудың пайда болуына жол бермеу керек. Пайда болған жағдайда оның дамуын, асқындырып алмау қажет.

Емдеу дәрі-дәрмектік және дәрі-дәрмексіз ем деп бөлінеді.

Дәрі-дәрмексіз емге шылым шегуді тоқтату және рационалды тамақтану жатады.

Таңертеңгілік тамақ тәуліктік калорияның 30-40% қамтуы керек, тағамдардың тәуліктік қуаттылығы 2000 калориядан аспауы керек. Мал майын, майлы етті, майлы сүт өнімдерін, жұмыртқаны сарыуызымен, тәтті тағамдарды бірден шектеу керек.

Күн сайын 2-5 қышқыл-тәтті алма жеген жөн. Күнара рационға балық және т.б. теңіз өнімдерін енгізу пайдалы.

Өсімдік өнімдерін, көкөністерді, жеміс-жидектерді қолдану кажет. Мал майына куырылған тағамдардан бас тартқан жөн. Тамақтану күн сайын ішектің тазаруына мүмкіндік беруі тиіс. Тұздың да тәулігіне 4-5 г-ға шектелгені дұрыс.

Тағамға ірі тартылған сұлы, бидай және одан жасалған нан пайдаланылады. Ақ нанды, пирожкиді, печеньені, кәмпитті, тәтті шырындарды, құрамында натрий элементі бар минералды суларды тұтынуды тоқтату керек. Аптасына 1-2 рет жеңіл тамақтануға көшкен жөн. Егер сұйықтың шектелуін қажет ететін басқа аурулары
болмаса, мұндай күні тағамға қосымша 1,5 литрге дейін су немесе итмұрын тұндырмасын ішуге болады. Тағамға соя енгізу холестериннің азаюына мүмкіндік береді.

Дене қимылының белсенділігін арттыру үшін күніне 8 км-ге дейін жаяу жүру және дене жаттығулармен айналысу, суда жүзу керек. Ұйкы тәулігіне 7-8 сағаттан кем болмауға тиіс.

Дәрі-дәрмектік ем қанда холестериннің мөлшері: 6,76 ммоль/л-ден асқан жағдайда қолданылады. Қазір
бұған қажетті дәрі-дәрмектің түрлері көп. Солардың қандай түрімен емдеу керектігін аурудын түріне, дәрежесіне
қарай дәрігер белгілейді. Мұны емдеуші мүлтіксіз орындағаны жөн. Бүгінгі таңда мұндай ауруларды емдеуде липидтік алмасуды реттейтін препарапардың бірден-бірі - статиндер жақсы.

Осы препараттарды қолданғалы бері атеросклерозды болдырмауда тамаша мүмкіндіктер туды.

 

Қаракөз АШИРОВА

Дәрігер.

Денсаулық. №12,2003ж.

9-бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика