"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Плеврит

Плеврит – плевраның қабынуы. Ол фибринозды еңездердің пайда болуымен және плевра қуысында сұйықтықтардың – серозлы немесе іріңді экссудаттың жиналуымен қоса жүреді. Көп жағдайларда өкпенің немесе кеуде қабырғаларының, көкірек қуысының қабыну ауруларын асқындырады.

Барлық плевритті жұқпалы және жұқпалы емес деп бөлуге болады. Жұқпалы түрі плеврадагы жұқпалы қоздырғыштардан, ал жұқпалы емес түрі, яғни асептикалық түрінде плеврадағы қабыну үдерісі патогендік микроорганизмдердің тікелей қатысуынсыз пайда болады. Барлық жұқпалы плевриттер плеврага жанасу жолымен, лимфа немесе қан арқылы енетін микроорганизмдерден – туберкулез микобактерияларынан, пневмо және стафилококтардан, вирустардан, уақ саңырауқұлақтардан болады. Асептикалық плевриттер көбінесе балалар мен жасөспірімдерде байқалады және жүрекке, перикардқа салмақ түсуінен болады. Асептикалық плевриттер жүйелік қызыл жегіде, дерматомиозитте, түйінді периартериитте, склеродермияда кездеседі. Сұйықтықтың плевра қуысына жиналуы лейкозда, геморрагиялық диатезде, авитаминозда да болады.

Плевралық          сарысудың          жиналуы экссудаиияның қарқындылығына және плевра қуысынан шығатын лимфатикалық ағын жолдарының жағдайына байланысты. Орташа экссудация кезінде және ағын қалыптағыдай болғанда экссудаттың сұйық бөлігі толық сорылады да, плевраның бетінде сарысу плевралық саңылаудан өткен кезде қалып қоятын фибрин түрінде болады.Бұл-құрғақ, яғни фибринозды плевриттің механизмі. Плевраішілік сұйықтықтың тепе-теңдігінің бұзылуы нәтижесінде экссудат  жинала бастайды да,плевралық жапырақшаларды     ығыстырып,өкпені қысады.

Мұндай кезде плеврит серозды-фибриноздыга айналады. Егер ауруға себеп болған іріңді жұқпа болса, онда экссудат серозды-іріңдіге, содан кейін іріңді түрге айналып, плевралық қуыстың эмпиемасы дамиды.

Плевриттер фибринозды, яғни қүрғақ,серозды-фибринозды және іріңді деп бөлінеді.

ФИБРИНОЗДЫ ПЛЕВРИТТЕ ауыру кеуде жасушасының төменгі жағындағы артқы бүйірбөлігінде пайда болады, тыныс алған және жөтелген кезде күшейеді, зақымданған жағымен жатқан кезде азаяды.

Дімкәстік, әлсіздік, қызу байқалады. Науқас жұтынган кезде, ықылық атқан кезде ауыртады. Негізгі белгісі - плеврада қытырлаған қардың дыбысындай шуыл сезіледі. Қанды тексерген кезде эритроииттердің тұну жылдамдығының артқаны, кейде аздаған лейкоцитоз байқалады. Тыныс алу жиілейді. Рентгенологиялық зерттеу өзгерістерді көрсете қоймайды, бірақ тыныс жолының басқа ауруларының бар-жоқтығы тексерілуге тиіс.

Диафрагмалы плевритте ауыру сезімі ішке қарай таралады.

Плевриттің фибринозды түрінде науқасты төсекке жатқызады. Плевритті тудырған негізгі ауруды, мысалы, пневмонияны, туберкулезді емдеуге кірісу керек. Ауыру сезімталдығын жоятын, қабынуға қарсы дәрілер, антибиотиктер қолданылады. Ауру үш аптаға дейін созылуы мүмкін.

СЕРОЗДЫ-ФИБРИНОЗДЫ НЕМЕСЕ СЕРОЗДЫ ПЛЕВРИТТЕ жалпы жағдай уыттануға, плевралық экссудаттың жиналу жылдамдығына және көлеміне байланысты. Сарысу көп жиналған жағдайда адам ентігеді. Науқас бір жағына қисайып, жартылай отыра алатын күйге көшеді. Қабырғалар арасы ауыратын жағына қарай ісінеді. Тыныс алу бәсеңдейді. Рентгенге тексеріп қарағанда, өкпенің төменгі жағында қарайған із білінеді. Егер әлі де күмәнданатындай болса, диагностикалық пункиия жасайды. Плевралық экссудатты шығару тыныс алу, қан айналу қызметтерінің қалыптылығын жиналған сұйықтың механикалық әсерінен қорғайды.

Серозды плевритті емдеу аурудың неден пайда болғанына байланысты жүргізіледі. Антибиотиктер, сульфаниламидтер, қабынуға қарсы дәрілер қолданылады. Жазылғаннан кейін науқастар ұзақ уақыт диспансерлік бақылауда болуға тиіс.

ІРІҢДІ ПЛЕВРИТТІ НЕМЕСЕ ПЛЕВРА ЭМПИЕМАСЫН мамандандырылған арнайы хирургиялық бөлімдерде емдейді. Ауру қатты басталып, дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріліп, кеуде тұстың ауыруы күшейеді Іріңдіктің плевра қуысына жиналуы артқан сайын науқастың жағдайы нашарлай түседі, тыныс алуы қиындайды, кейде тері астылық эмфизема пайда болады, яғни терінің астын ауа кеулейлі. Қанын тексерген кезде лейкоцитоз айқын білінеді. Плевралық қуысты тескен кезде ірің бөлініп шығады.

Науқас бірнеше күн төсекте жатуға тиіс Ағзаның төзімділігін арттыратын шаралар жасалып, күн сайын плевралық қуысты антисептикалық ерітінділермен мұқият шаяды да, бактерияға қарсы дәрілердің үлкен мөлшерін енгізеді.

Ем өкпе қызметі толық қалпына келгенше жүргізіледі.

 

Игілік КЕРИМОВ,дәрігер

Денсаулық. №9,2007ж. 5-бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика