Серәлиев Насреддин (25.10.1930, қармақша ауд. Қашқансу а. – 1984 Шымкент қ.) — жазушы. Қызылорда педагогикалық училищесін, пед. Институттың (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) филология факультетін бітірген (1952). 1952 — 58 ж. обл. “Ленин жолы” газетінде, “Үгітші блокнотында”, “Пионер” және “Балдырған” журналдарында қызмет істеген. 1962 — 65 ж. өлкелік “Оңтүстік Қазақстан” газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі, 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент облысаралық бөлімшесінде кеңесші, ал 1968 жылдан осы бөлімшенің жауапты хатшысы болды. И.Котляровскийдің, А.Гайдардың, С.Баруздиннің шығармаларын қазақ тіліне аударған. “Еңлікгүл” көркем фильмі сценарийінің авторы. КСРО медальдарымен, Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Шығ .: Үшталмаған қарындаш, А., 1956; Намыс, А., 1959; Ақ лақ пен қара лақ, А., 1961; Әңгелек, А., 1964; Ақтөбе, А., 1966; Ақ қайың, А., 1967; Ыстық күлше, А., 1969; Қаңтар, А., 1971; Алтын ғүмыр, алғашқы махаббат, А., 1975; Дәукен атайдың немерелері, А., 1978.
Дереккөзі: «Сыр елі» Қызылорда облысы: Энциклопедия/Бас редактор Б.Ғ.Аяған. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2005. – 448 б.