Сона жәндігі
СОНА (Tabanidae) — косқанаттылар отряды, қысқамұртшалы тік жапсарлылар отряд тармағына жататын кансорғыштар. Жер шарында кең тараған, 3 мыңнан астам түрі белгілі. Денесі қысқа, жалпақ, ұз. 7 — 30 мм. Мұртшалары тесіп-сору қызметін атқарады.
Соналардың қанаттары бір-бірінен алшақ орналасады. Жақсы ұшады, тіршілігінің көп уақытын ауада ұшып жүріп өткізеді. Көздері жаксы жетілген. Ылғалды аймақгарда жиі кездеседі, адамды және жануарларды шағып, қанын сорады. Аналықтары мөлшеріне қарай 40 — 300 мг-дай кан сора алады. Шаққан кезде терінің астына сілекейін бүркіп жіберетіндіктен, сонаның шаққан жері қатты ауырады. Сілекейінің құрамыңдағы гиалуронидаза ферменті тері асты ұлпасының белогын ыдыратып, қанның ұйып қалмауына жол бермейді, сондықтан сона шаққан жерден біраз уақыт қан тамшылап тұрады. Дернәсілдері негізінен суда, ылғалды топырақта, шіріген өсімдіктердің арасында тіршілік етеді. Соналар көбейген кезде адам мен жануарларға көп зиян келтіреді. Олар туляремия, трипанозомоз, түйнеме, топалаң, қарасан ауруларын таратады. Қазақстанда Silvius, Chrysops, Tabanus, Atylotus, Hybomitra, Haematopota Tybicbma туысына жататын 72 түрі тіркелген.
Қ.Көшкімбаев
Дереккөзі: Қазақстан. Ұлттық энциклопедия[Мәтін]: Т. 8/Бас ред. Б.Аяған. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2006. – 28 б.