"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Қоңыр балдыр

 

Қоңыр балдыр (Рһаеорһуіа) — төменгі сатыдағы споралы өсімдіктер. Сабағы, жапырағы, тамыры, гүлі болмайды, денесі құрылысы бірдей тканьнен құралған. Құрамында фукоксантин пигменті болғандықтан сарғыш жасыл не қара қоңыр, қоңыр түсті болады. Қоңыр балдыр арасында миллиметрден 40 м-ге жететіндері бар. Бұлардың 240 туысы (1500 түрі) белгілі, олардың үш түрі тұщы суда, қалғаны теңізде өседі. Қоңыр балдыр  жынысты, жыныссыз, сирек те болса вегетативті жолмен көбейеді. Көбею органы — бір не көп ұялы спорангий, яғни ішінде бір гаметасы (спорасы) бар бір немесе бірнеше клетка. Жыныстық көбеюі изогамия, гетерогамия не оогамия арқылы жүреді. Қоңыр балдыр  3 класқа бөлінеді: Aplonasporophyceae (тек диктиоттар), Рһаеоspоrорһусеае (гетерогенераттылар, изогенераттылар), Сuclosроrорһусеае (циклоспоралылар). Қоңыр балдыр  негізінен теңізде Оңт. және Солт. Американың Тынық мұхит жағалауларында, Оңт. Африка, Аргентина, Алясканың, Командор және Куриль аралдарының жиектерінде, Солт. Мұзды мұхитта (көбіне ламинария) өседі. Қоңыр балдырдан целлюлоза, спирт, сірке қышқылы, күлінен иод, калий тұздары алынады, тыңайтқыш, мал азығы ретінде кейбір түрі тағамға пайдаланылады.

 

Дереккөзі: Қазақ Совет энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 6/ред. М.Қ.Қаратаев. – Алматы: «Қазақ Совет энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1975. – 603 б.

 

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика