"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Соқыр тышқан

 

Соқыр тышқан (Ellobios) — сұр тышқан тұқымдасының бір туысы. Дене бітімі жұмырлау, тұрқы 13 см, түгі жұмсақ, қылшықсыз, түсі сарғылт, қара қоңыр. Көзі кішкене, құлағы шала дамыған, күрек тістері жер қазуға икем, тіршілік әрекетін топырақ арасында өткізіп, жер бетіне сирек шығатын кеміруші. Евразияның дала, шөл аймақтарында таралған, тауда 4000 м биіктікке дейін кездеседі. СССР-де 3 түрі, оның ішінде Қазақстанда кең таралған түрі — кәдімгі соқыр тышқан (Е. talpinus). Бұның дене тұрқы 94,0—115,5 мм, топырақ бетінен 10— 30 см тереңдікте топырақты қазып, өсімдік тамырымен қоректенеді. Қазып босатқан топырағын анда-санда жер бетіне шығарады және бұл топырақ осы қоректік ін жолының аузын жабады. Інін, ұясын қоректік ін жолына жалғастыра 1,5—2 м тереңдікке жасайды. Бау-бақша, беде егістігіне зиян келтіреді.

 

Дереккөзі: Қазақ Совет энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 10/ред. М.Қ.Қаратаев. – Алматы: «Қазақ Совет энциклопедиясының» Бас редакциясы, 1975. – 321 б.

 

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика