"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Буын аурулары

СОРБУЫН (артрит)
Буын қабынуының сүйекке зақым келтіретін түрі сорбуын деп аталады. Егер адамның ішкі құрылыстары белгілі бір мерзімде қалыпты жұмыс ырғағын бұзса, буындары міндетті түрде ауыратын болады. Оны болдырмау әр адамның өз қолында. Адам жүріп-тұруды, күнделікті қозғалыс тәртібін сақтай отырып, өзін-өзі уқалап сылауды, моншаға түсіп, ыстық буға отыруды әдетке айналдырса, денесіндегі айналыс заңын қадағалап отырса – аурудың  алды алынады деген сөз.
Буынның ұсақ және орташа қабынуы, яғни ревматоидты сорбуын жалғастырушы жасушаны зақымдайды. Бұл буындардың қалыпты жұмысын бұзып, қисайтады. Сіңірлер мен бұлшықетті зақымдайды. Ревматизмнің өзі үлкен буындардың жұмыс ырғағын бұзады. Бұл сабақтас аурулардың барлығы бірін-бірі асқындыру арқылы адамның ауруға қарсыласу қабілетін әлсіретеді.
ШОРБУЫН (артроз) негізінде ағзаға қоректік заттың сіңбеуінен еттің ауруы жатыр. Демек сүйек зат алмасуының кемуі буын арасындағы сұйықтық құрамында тұз бен зәр қышқылының енуі ауыру тудырады. Сырқаттың бұл түрі 55 жастан соң көбірек кездеседі. Түнге қарай ауру белгілері күшейіп, буынның күтірлеуі байқалады. Таңертең тұрған кезде тізенің иілу қабілеті азаяды. Кешке қарай жүріп-түру жеңілдейді. Әдетте, алғашқы қадам ауыр басталып, жүре келе оңала бастайды. Отырып демалған кезде ауру жоғалады.
КОКСАРТРОЗ – жамбас буындарының зақымдалуы. Бұл көбінесе жастың ұлғаюы салдарынан буын шеміршектерінің бұзылуы. Буын сүйектерінің жасушалары бүлінеді. Адам жүрген кезде ауру ұлғайып, буынның иіліп-бүгілуі, қозғалуы қиындайды.
ОСТЕОАРТРОЗ – жалпы сүйек құрылысының ауруы. Мұндай ауру сүйектің тығыздығын кемітеді. Тығыздығы кеміген сүйек сынғыш келеді. Бұл сырқатқа көбінесе әйелдер етеккірі тоқтайтын кезде жолығады. Өйткені аталған мезгілде әйел ағзасында гормондар мен минералдық заттардың алмасуы өзгереді.
ПОДАГРА – адам  бойындағы айналыс заңының бұзылуынан туындайды. Уақыт өте келе адам , ағзасындағы тұздардың бөлініп шығуы кешеуілдесе ішкі мүшелердің ақуыз айналысын бұзып, сүзу қабілетін төмендетеді. Подагралық сорбуынның асқынуы буындарды ісіндіріп, қатты ауыртады. Ол екі аптаға созылады. Кейін қайталайды.
Буын ауруының басында натрийдің бейтараптануы тұрады. Натрийдің жетіспеуінен буынның қозғалу қабілеті кемиді. Оны толықтыратындар – ешкінің сүті, сүттің сарысуы, бұзау сүйектерінің сорпасы, қырыққабат шырыны, сельдерей тамыры сияқтылар. Ауырған буынды балмен сылап, қырыққабаттың үшінші жапырағын жұмсартып, бал жағып орап тастайды. 3-4 сағат өткен соң алып тастайды да жуып сүртеді. 10 күн бойы күніне үш реттен жасап, кейін күнараға ауысады.
Усарымсақтың үлкен біреуін сығып, 100 г лимон шырынына қосады. Лимон мен усарымсақ қалдығын қайнап тұрған 1 л суға салып, жылылай жауып қояды. Осының 50 грамын жатарда ішеді. Мұндай дәріні ішу төрт мезгілге бөлінеді. Алғашында 10 күн ішіп, 20 күн демалады. Осылайша демалысқа әр жолы 10 күннен қосып отырады. Төрт рет емдеу мерзімі өткен соң 2 жылдан кейін қайталауға болады.
Дәріханалардағы өт сұйықтығынан 250 г, камфора спиртінен 160 г, 3-4 ащы бұрыш ұнтағын қосып, жабық ыдыста 7 күн тұндырады. Осыдан әр екі сағат сайын 2-3 рет компресс жасап орнын сүртіп тастайды.
Жарты литр кагор шарабына 200 г бал, 200 г қызыл тұз араластырып, жабық ыдыста 10 күн қалыпты температурада ұстайды. Осыдан соң ауырған буынды уқалап отырып, дайындалған дәріні жағады. Күніне екі рет. Ай бойына жалғастырады.


Кәсіби халық емшісі Сейітқамза Қалиевтің емшілік кеңестерінен

Дереккөзі: «Денсаулық» журналы, - 2013(№1). – 22 бет.


 

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика