"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Бас ауруы,себептері мен емі

Бас ауруы – адамға әртүрлі дәрежедегі ауырсыну әкелетін және көп қолайсыздық тудыратын сырқат. Оған себеп көп: психикалық және эмоциялық шаршау, бас миы тамырларының склерозы, бас сақинасы, мидың органикалық аурулары (ісік, инсульт және т.б.) және басқалар. Бас ауырғанда ауырсынуды жоятын дәрілер ішу міндетті емес. Халық емінің бас ауырғанда көмектесетін көптеген әдістері бар, бірақ алдымен дәрігерге барып, ауру себебін дәл анықтап алғаныңыз дұрыс. Дәрігер рұқсат еткен жағдайда төмендегі кеңестерді пайдалануыңызға болады.
Шаршаудан туынлаған бас ауруы кезінде жылы бұлау, мелисса немесе түймедақтан дайындалған шай көмектеседі. Кей жағдайларда валериана ішу немесе теңіз тұзы, шөптер қосылған бұлау жасау пайдалы.
Желке тұсына немесе жауырындар ортасына, сондай-ақ балтырдың артқы жағына үгіткіштен өткізілген шомыр мен желкек басуға болады. Үгіткіштен жаңа өткізілген желкек шырынын самайға жағады (1-2 минутқа) және бір тілім қара нанды аздаған желкекпен жейді.
Кейде бас ауырғанда және ұйқы қашқанда атбас бұршақ қосып қайнатылған сарымсаққа өсімдік майын араластырып самайға жағады. Бұны ұйықтар алдында жасайды.
Бұлаулар мен бу булаулары. Бас ауырғанда қол мен аяққа ыстық бұлау жасайды. Сондай-ақ бумен бұлау да жақсы әсер етеді. Қайнатылған су мен алма сіркесуының буын 75-100 рет жұтады. Нәтижесінде ауырсыну жойылуға немесе азаюға тиіс.
Қайнаталар, тұндырмалар:
• Бір ас қасық шайқурайға бір құты ыстық су құяды, 15 минут қайнатып, сүзіп алады. Құтының төрттен бір бөлігін күніне үш рет ішеді.
• Ұнтақталған андыз тамырына бір құты салқын су құйып, 10 сағат тұндырады, сүзіп алады. Астан жарты сағат бұрын күніне төрт рет құтының төрттен бір бөлігін ішеді.
• Киікшөп пен шайқурайды 2:1 мөлшерде араластырып, оның 20 грамына 1 құты ыстық су құяды, бір сағат тұндырып, лимон қабығын немесе даршын қосады. Ыстық күйінде астан жарты сағат бұрын жарты құтыдан күніне 2-3 рет ішеді.
• Бір грамм даршынға 20 миллилитр ыстық су құяды, бірақ жаңа қайнаған емес. Жарты сағат тұндырып, әр сағат сайын екі жұтымнан ішеді. Тұндырманы маңдай мен самайларға басуға болады.
• Жалбыз, сасықшөп, мыңжапырақты тең мөлшерде араластырып, оның 10 грамына суық су құйып, 10 минут қайнатқан соң бір сағат тұндырады. Тамақтан жарты сағат бұрын ыстық күйінде жарты құтыдан ішеді.

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                             Халық емі

Дереккөзі: «Денсаулық» журналы, - 2008(№3). – 7 бет.

 

                      Бас ауруының себептері мен емі

Бас ауруы 45 түрлі аурудың белгісі  ретінде көрініс табады. Сондықтан оны басу үшін себебін анықтау қажет. Сол 45 аурудың бірнешеуіне тоқталайық.
1.  Жақпайтын тамақ жесе де бас ауыруы мүмкін. Емі: асқазанды тазартса, бастың ауруы қояды.
2.  Көзілдіріктің сәйкес келмеуінен де бас ауырады. Емі: көз дәрігеріне қаранып, көзілдірікті ауыстыру керек.
3.  Қаназдықтан да бас ауруы туындайды. Белгілері: бас ауырады, көздің қарашығы ұлғайып, маңдай мұздап, тамырдың соғуы әлсірейді. Емі: басыңызды орамалмен қатты таңып, тегіс жерде шалқаңыздан жатып бір сәт демалыңыз. Кейін кофе немесе шай ішіңіз.
4.  Ой еңбегімен айналысатын адамдар күніне бір мезгіл таза ауада серуендеуді ұмытып, күні-түні қағаздан бас алмаған кездері басы ауырады. Емі: а) легенге ыстық су құйып, 10-15 минут аяқты толарсаққа дейін малып отырыңыз; ә) бір шай қасық жалбыз шөбін 1 кесе қайнаған суға тұндырып ішіңіз, кейін демалыңыз; б) ой еңбегінен шаршап жүрген адамдардың балық жегені абзал.
5.  Бас ауруына бас сақинасы, желке және жүйке невралгиясы да себепші болады. Бұл аурулар негізінен жүйкенің жұқаруынан - әлсіздіктен туындайды. Белгісі: басы ауырады, ашушаң болады, яғни сіркесі су көтермейді. Емі: а) мазасыз ойлардан арылып, жақсылап тынығу керек; ә) шай ішу қажет; б) жұмыртқаны шикілей кесеге жарып, үстіне қайнаған су құйып әбден араластырыңыз, осындай қоспаны күнде аз-аздан ішсеңіз, жүйке ауруынан құтыласыз.
6.  Жүйкенің жұқаруы (неврастения, невроз) - бұл ауру мұғалімдерде жиі кездеседі, яғни бұны устаздардың кәсіби ауруы десе де болады. Емі: а) күнде 1 ас қасықтан бал жеу керек; ә) киікоты, қалақай т.б. дәрілік өсімдіктермен емделу керек; б) маңдайға жұқалап кесілген шикі картопты таңып қойыңыз; в) таңертеңгілік аш қарынға айран ішкен - бас аурудың мың да бір емі; г) басыңыз ауырған кезде қос қолыңызды шынтақпен қоса ыстық суға малып отырсаңыз, басыңыздың ауырғаны қояды. Ыдыстағы су салқындап бара жатса, ыстық сумен араластырып, температурасын бір қалыпта ұстаңыз.
7.  Қан таспасы (гипертония), атеросклероз ауруына шалдыққанда кардиолог, терапевт дәрігерлерге, инсультқа шалдыққанда невропатолог дәрігерге, ал миыңызда қатерлі ісік не бітеу жара бары анықталса, нейрохирург дәрігерге  қаралып, тексеріліп арнайы ем алған жөн. Кекшиме, яғни мең-зең еткен менингит ауруына шалдыққан жағдайда инфекционист дәрігерге барып, ем алған дұрыс.


                                                                                                                                                                                                                                Әділхан АЙМАҒАМБЕТТЕГІ,жоғары санатты дәрігер.

Дереккөзі: «Денсаулық» журналы, - 2013(№3). – 8 бет.

 

Бас ауруларын емдеу

 

1.Бастың аурулары алуан түрлі. Соның ішінде бас сақинасы, бастың жарылып ауруы сияқты түрлері жиі кездеседі. Екі шеке солқылдап ауыратын кездер болады. Көз қарауытып, әлдене елестегендей болып, иіс, дәм сезу қабілетінде өзгеріс пайда бола бастайды. Мұндайда адам жүрегі айнып құсады. Қол-аяқтары әлсіреп, жатқысы келеді. Ешнәрсеге зауқы соқпай шаршайды. Осындайда кавказдықтар басы ауырған адамды жатқызып, қара шүберекті ыстық суға матырып сығып тастап, ыстықтай (шыдайтындай дәрежеде) екі шекеден тартып орап тастайды. Бұл бастың ауруын 30 минут ішінде тоқтатады.

2.1 литр кагор қызыл шарабына 150 г желкек (хрен) тамырын, 0,5 кг апельсинді ет турағыштан өткізіп, 300 г қант қосып, су моншасының ішінде бір сағат ақырын қайнатып тұндырады. Астан соң екі сағат өткенде 70 мг-нан күніне 3 рет ішеді.

3.Бас сақинасы. Сау жүрген адамның ойламаған жерден басы айналып, сынып ауырады. Жұмыс істеу қабілетінен айрылып, жаны қиналады. Мұны бас сақинасы дейді. Осы кезде басты уқалап, уқорғасынның арақтағы тұнбасынан шамалап жақса, бастың ауырғаны тоқтайды. Осы тұста ескеретін жайт – тұнбаны көзге тигізіп алмау керек. Кездейсоқ көзге тамып кетсе, өмірге қауіп.

4.Долана мен аюбадамның (жемісі) 1 ас қасығын 300 мг суға қайнатып тұндырып ішеді. Емдеу мерзімі – 15 күн.

5.Қырмызыгүлден 10 г , жұмыршақтан 10 г бір құты суға бір қайнатып, 40 минут тұндырады. Үштен бір бөлігін ас алдында ішеді. Күніне 3 рет. Емдеу мерзімі -15 күн.

6.Бас зеңіп, кеңсірік ашып, қатты ауырған кезде қарт адам 25 г қарабұрышты 1 құты қайнап тұрган суға араластырып, су сәл жылығанда бірақ ішеді де қалың көрпе жамылып жатып қалады. Сәлден соң қатты қызып мұрыннан қап-қара қан ағады. Белгілі мөлшерден соң қан тоқтап, жуынып-шайынған әлігі адам сорпа ішіп қайта жатады. Ертеңіне мүлде ауырмағандай сергек тұрып жұмысына араласады.

7.Ауа райы бұзылса болды басы ауырып, мазасы кететін адамдар болады. Олар семіз тауықтың төс етіндегі қалың майды сыртқы терісімен кесін алып, майдың бетіндегі өте жұқа қабатты сыдырып тастап, бастың ауырын тұрған жеріне жапсырады да, сыртынан салафан қағаз қойып, оның сыртын орамалмен орайды, кейін жатып ұйықтауға болады. Таңертең бас жазылып, көңіл жайланын тұрады. Басты ауыртқан тамыр арасындағы суықты май сорып алады.

8.Картопты қабығымен суға пісіріп жейді. Бас сақинасына мұның да өзіндік пайдасы бар.

9.Қырмызыгүл – аулада, егістіктерде арнайы өсіріледі. Оның гүлінен 20 грамды 100 г ақ араққа 15 күн ашытып, ас алдында 20-30 тамшыдан күніне 3 рет ішеді. Мұны ұзақ уақыт үзбей пайдаланса, бас ауруы жоғалып, ұйқы жақсарады, жұмыс қабілеті артады.

10.Қызыл қылша шырынынан алып, тең жартысына бал қосып араластырып, ас қасықпен күніне 4-5 рет ішеді. Бір емдеу мерзімі – 10 күн.

11.Қарақатты кептіріп сақтайды. Бастың сақинасы ұстаған кезде 2 ас қасығын 300 мл суға он минут ақырын қайнатып, 1 сағат тұндырады. Таңертең әзірленген осы дәріні төртке бөліп кешке дейін түгел ішіп қояды. Күн сайын жаңадан әзірлеп, бір апта ішсе, оң нәтиже береді.

12. Сулы арық бойларында өсетін жалбыздан 1, көкемаралдан 1 ас қасық алып 1 құты суға бір қайнатын тұндырады. Кейін үшке бөліп, ас алдында күніне 3 рет ішіп, 1 күнде бітіреді. Бір апта үзбей ішсе, бастың ауырғаны жоғала бастайды.

13.Қой бүлдірген, грейпфрут, қызылша шырынынан қосып, оған шамалы мөлшерде бал қосып араластырып, әр жолы жарты құтыдан күніне 4 рет ішеді. Үш күннен кейін нәтижесін көрсете бастайды.

14.Қолда асыраған үйректі сойған кезде өтін алып, бастың жарылып ауруы кезінде ауырған жақтағы танаудан аздап тамызса, бастың ауруы бір сағаттың ішінде жазыла бастауы керек.

 

(Кәсіби халық емшісі Сейітқамза Қалиевтің емшілік кеңестерінен)

Дереккөзі: «Денсаулық» журналы, - 2010(№12). – 27 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика