"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


А вирусты гепатиті – қауіпті

Бүгінгі күнгі денсаулық сақтау саласында әсіресе мектеп жасындағы балалардың сары ауруға шаллығуы өзекті мәселелердің бірі болып тұр. А вирусты гепатиті (АВГ) жалпы гепатиттер ішінде 77,6%, ал 14 жасқа дейінгі балалар арасында 96,6% құрай отырып, ең басты орында тұр.
Жыл сайын А вирусты гепатитімен шамамен 15000-дай бала мен жасөспірім сырқаттанады. Республикалық Санитарлық эпидемиологиялық станиияның мәліметтері бойынша, жаңа 2003/ 2004 оқу жылында АВГ жұқтырған балалар саны өседі деп күтілуде. Бұл бұдан бұрынғы жеті жыл ішінде осы сырқатқа шалдығудың төмен болуымен түсіндіріледі: АВГ-не шалдығу жеті жыл сайын күрт өсіп отырады.
А вирусты гепатиті балалар жазғы демалыстан мектепке оралатын күз айларында жиілеп кетеді. Бұл аталмыш науқастың инкубациялық кезеңімен түсіндіріледі.
Инкубаниялық кезең 56 күнге дейінгі мерзімді құрайды. Жаз айларында микроорганизмдердің өсуі мен көбеюіне жағымды жағдайлар туады. Өйткені балалар сусынды, жеміс-жидек пен көкөністі көп пайдаланады. Жеке бас тазалығының қарапайым ережелерін сақтамаған жағдайда, әсіресе балалар лас суға, бұрқақтарға, арықтарға түскенде сары аурудың осы түрінің жұғу қаупі ұлғая түседі.
Жазда АВГ жұқтырған және бойында сырқат белгілері білінбеген бала оны қоршаған адамдар үшін жұқпа көзі болуы мүмкін.
Бұл күндері көптеген мектептердің материалдық-техникалық базасы, санитарлық-гигиеналық жағдайы төмен, тамақтандыру тиісті дәрежеде ұйымдастырылмаған, балалардың жалпы сырқаттану жиілігі жоғары, сондықтан инфекиия да тез тарайды.
АВГ мектеп асханаларында дұрыс жуылмаған ыдыс, тез бүлінетін тағам өнімдері арқылы, дәретханаларда (суды шүмектен ішу, дәретхана қағазының және сабынның, жеке орамалдардың болмауы), жеке бас тазалығы сақталмаған жағдайда (балалар дәретханадан соң, тамақтанар алдында қолды жууға дағдыланбаған) жұғуы ықтимал.
Балалар кейде шайналған сағызды бөліседі, сусынды бір ыдыстан ішеді. Осының бәрі АВГ-ін жұқтыруға алып келуі мүмкін. Кей баланың қаламды, қарындашты, тырнақтарын тістейтін жаман әдеттері болады, бұл сөзсіз жұқпаның бала ағзасына түсуіне ықпал етеді.
Ересектер – ата-аналар, мұғалімдер балаларды гигиеналық дағдыларға, тамақтану мәдениетіне үйретуге тиіс. Кез келген сырқаттың алдын алған дұрыс екендігі белгілі. АВГ зардаптары – бауыр мен өт бөлу жолдарындағы патологиялық процестер, бұл баланың ұзақ уақыт емдәм сақтауын қажет етеді, мектеп, үй жағдайында бұны жүзеге асыру қиынға соғады.
Мектеп оқушылары арасынла АВГ-нің алдын алу үшін біз төменлегідей жаднама ұсынамыз:
А вирусты гепатиті – бауырдың қабынуын тудыратын жіті жұқпалы ауру.
Бұл сырқат біздің республикамызда, әсіресе балалар арасында кең тараған.
Инфекиия көзі — адам.
• А вирусты гепатитінің белгілері:
• әлсіздік, тәбеттің нашарлауы;
• жүректің айнуы, кейде құсу;
• дене қызуының 37,5°С және одан да жоғары көтерілуі;
• оң қабырға астының ауыруы;
• зәр түсінің қоюлануы;
• нәжістің түссізденуі;
• көз ішінің, таңдайдың, кейінірек қол, аяқ және бүкіл дене терісінің сарғаюы.
А вирусты гепатиті мынадай жағлайларда жұғады:
• тұрмыстық қатынас жолымен – жеке бас тазалығы сақталмағанда, лас қол, ыдыс, ойыншық, тұрмыстық заттар арқылы;
• су арқылы – лас суға түскенде, абайсызда су жұтып қойғанда және жұқпасы бар суды ішкен кезде;
• тамақ арқылы – жуылмаған көкөніс, жеміс-жидек жегенде.
А вирусты гепатитін жұқтыру қаупін мынадай зиянды әдеттер ле ұлғайта түселі:
• тамақты бөлісу: бір тағам өнімінен тістеп жеу, бір бөтелкеден ішу, бір сағызды шайнау;
• кітапты парақтағанда саусақты шылау;
• жұмыс кезінде қарындашты, қаламды тістеу;
•  тырнақтарды тістеу.
Алдын алу шаралары:
1.  Дәретханадан соң, тамақтанар алдында қолды сабындап жуу;
2.  Тек қауіпсіз екендігі анық немесе қайнатылған су ғана ішу;
3.  Көкөніс пен жеміс-жидекті мұқият жуып жеу;
4.  Тек шомылуға болатын жерлерде ғана суға түсу (шомылғанда баланың суды жұтып қоймауын қадағалау);
5.  Жеке бас тазалығына арналған заттарды қолдану (орамал, мәуіт, бет орамал жәңе т.б,)
6.  Ыдысты, үй-жайды, мектепті таза ұстау;
7.  Мектеп ішін оқушылардың тазалауына тыйым салу (ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 26.11.02 ж. №1 050 бұйрығына сәйкес).
Балаларыңызды осы қарапайым алдын алу шараларына үйретіңіз, сонда оларлы А вирусты гепатитінен сақтандыра аласыз.


Р.КОЛОКИНА,М.ШУАҚОВА

 

Дереккөзі: «Денсаулық» журналы, - 2003(№10). – 8-9 бет.
 

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика