"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Істемі қаған

Істемі, Естемі (кытай жазбаларында Ши-де-ми, грек жазбаларында Стемвис, Менандр жазбасында Дизавул есімдерімен аталады) (т.ж.б. - 576 ж.) қаған - көрнекті ежелгі түрік әміршісі әрі қолбасшысы, Бумын қағанның інісі. Істемі билеген Түрік қағандығы VI ғасырдың екінші жартысында қуатты мемлекетке айналды.
Көшпелі түрік қоғамында әскер ұйымдастыру ісіне үлкен мән берілген. Жақсы машықтанған, шыдамды атты әскер Істемі әскерінің негізін құрады. Сан мыңдаған әскерлер әскери жасақтарға бөлінді. Осындай реттелген және ұйымдасқан әскер үлкен аумақты тез басып алатын.
Бұхара қаласы түбіндегі шешуші шайқаста Істемі эфталиттерді (ақ ғұндарды) талқандады. Орта Азия жерлерін қалаларымен және елді мекендерімен, сондай-ақ онда созылып жатқан Ұлы Жібек жолымен бірге басып алды. Сөйтіп, түріктер бұрынғыдан да күшейе және байи түсті.   Ежелгі   Түрік   мемлекеті   мен   Иран   арасындағы шекара Әмудария өзенінің бойымен өтетін болды. Енді Істемі әскерін бастап Батысқа қарай жылжыды. Көп ұзамай ол Еділ (Волга) өзенімен Қара теңізге дейінгі аралықтағы барлық халықтар мен тайпаларды бағындырды. Сол жерде ол Византиямен әскери және дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
Істемі қағанның қолбасшылық қабілетінің аркасында Түрік қағандығы Шығыстан Батысқа созылған Тынық мұхит пен Қара теңізге дейінгі орасан зор аймақта өз билігін жүргізді.

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 25-26 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика