"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Ілияс Жансүгіров (1894 -1938)

Ілияс Жансүгіров Қапал уезі Ақсу болысы 4-ауылда (казіргі Алматы облысы Ақсу ауданында) өмірге келген. Ілияс анасынан ерте айырылып, әкесі Жансүгірдің үлгі-өнегесін көп көрген. Ескіше хат таныған. Аңыз-әңгіме, шежіре сырларын естіп өскен.
Жетісудың бай табиғаты, ақындық, батырлық дәстүрлері Ілиястың өмірге, ізгілікке, сұлулыққа құштар болып өсуіне көп ықпал етті. Алматы, Ташкент қалаларындағы ағарту ісіне қатысты курстарда оқыды. Фольклорлық экспедицияға шығып, баспасөзге араласты. «Сағанақ» атты алғашқы кітабы 1928 жылы жарық көрді. Ілиястың ақындығы «Тілші», «Кедей еркі», «Арман», «Әншіге», «Бұлбұлға» деген шағын өлеңдерінен басталып, «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» атты көлемді поэмаларымен жалғасын тапты.
Ақын «Дала» поэмасында (1930) Алтай мен Атырау, Алатау мен Еділ, Сібір мен Самарқан, Шу мен Сыр секілді кең-байтақ өлкені мекен еткен қазақ халқының өмір-тұрмысын, дәстүр-өнегелерін шабытпен суреттейді. Ал, «Күй» (1929) және «Күйші» (1934) поэмаларында өмір мен өнер тақырыбы, тарих пен тағдыр ісі, қазақ халқының бастан кешкен оқиғалары тартымды жырланады. «Құлагер» поэмасы (1936) Арқа өңірін, әйгілі ақын Ақан сері өмірі мен ас беру рәсімін бейнелейді.

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 599 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика