"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Ыбырай Алтынсарин (1841 -1889)

Ыбырай Алтынсарин – қазақтың алғашқы ағартушы-педагогы, қазақ жазба әдебиетінің классигі, балалар әдебиетінің негізін салушы, аса ірі кемеңгер тұлға.
Ол Қостанай облысы Тобыл өзенінің жағасында дүниеге келген. Атасы Балқожа ел арасында аса қадірлі би болған. Балалық шағын ата қолында өткізген Ыбырай өз халқының салт-дәстүрін, мәдениеті мен өнерін сүйіп өскен. Мұсылманша сауат ашқан. Кейіннен орыс мектебі мен мұғалімдер семинариясын тәмамдаған. Орыс мәдениетін жетік меңгеріп, сол арқылы Батыс мәдениетіне қол созған. Өлең жазуға бала кезінен ден қойған.
Ыбырай Алтынсарин бар саналы ғұмырын өз халқына білім беруге арнаған. Қазақ даласында мектептер ашып, алғашқы оқулықтар, көркем шығармалар жазған. Мектеп ісінің жүйесін құрған. Балаларды оқуға шақырған. Сондықтан оны «Дала қоңырауы», «Қазақ балалар әдебиетінің атасы» деп құрметпен атайды.

Кел, балалар, оқылық!

Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар...

Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.

Сиса көйлек үстіңде
Тоқуменен табылған...
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған...
Өнер-білім бәрі де
Оқуменен табылған...

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 590 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика