"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Білгенге маржан


«Шаңды жорық»

Жоңғар хандығы талқандалғаннан кейін 1771 жылы 5 қаңтарда Еділ бойындағы қалмақтар ата-мекендері Жоңғарияға қайта көшуді бастады. Он бір мыңнан астам отбасы өзеннен өте алмай, Ресей жағында қалды. 180 мыңдайы қазақ жері арқылы Жоңғарияға қарай жолға шығады. Қалмақтар маусым айының аяғында Мойынты өзеніне жеткенде Абылай хан бастаған елу мыңдық қазақ әскері оларды қоршап алады. Қоршауда қалған қалмақтар үшінші тәулікте түнде қоршауды бұзып, қашып кетеді. Қазақ жасақтары жаудың соңынан қуады, тірі қалғандарын тұтқындайды. Қалмақтардың аман қалған шағын тобы ғана Қастек, Қаскелең, Кеген және Нарынқол жерлері арқылы Жоңғарияға жетеді. Қалмақтардың екінші тобы Балқаштың солтүстік жағалауы арқылы өтіп, Ілеге жете бергенде қазақ жауынгерлерінің соққысына ұшырайды. Осылайша қазақ жері алты айда кесіп өткен 10-15 мыңдай қалмақтар Іленің жоғарғы жағалауына қарай қашып, Қытайға өтіп кетеді.

300 жылдық жоңғар-қазақ соғысының ең соңғы кезеңі тарихта «Шаңды жорық»деген атпен қалды. Мұнда «Шаңды жорық» деп аспанға бұрқыратып шаң көтерген жорық деген мағынаны емес, қалмақтармен соғыстың ең соңғы ірі, аяусыз өткен кезеңі бейнелеп отыр.

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 151 бет.
 

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика