Шәкерім Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында өмірге келген. Әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған. Шәкерім Абайдың немере інісі болғандықтан, тәлім-тәрбиені мол алған. Әкесі өмірден өткен соң Шәкерім Құнанбайдың тәрбиесінде болады. Ұлттың дәстүр-өнегесін көріп өседі.
Шәкерім Абайдың ақыл-кеңесін тыңдап, жас кезінен өз бетінше ізденген. Бірнеше тілді (араб, түрік, парсы, орыс) еркін меңгерген. 1905-1906 жылдары Меккеге барып, мұсылмандық жолды мұрат еткен. Стамбул кітапханасында болып, ежелгі әдеби, тарихи мұраларға назар аударған.
Шәкерім пәлсапалық өлең-поэмаларымен елге танымал болған. Ол өлеңді өнер деп танып, оған биік талап, талғаммен қараған. «Арман», «Жастарға», «Қазақ айнасы» және т.б. өлеңдерінде, «Қалкаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ пен Айсұлу» поэмаларында, «Бәйшешек бақшасы», «Өзімшілдік» сынды прозалық туындыларында адамның өмірі мен еңбегі, тағдыры, талап-тілектері терең танылады.
Дереккөзі: «Сен білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 594 бет.