"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Хлудов Николай Гаврилович

Хлудов Николай Гаврилович (1850-1935) – орыс кескіндемешісі. Ол Ресейдің Орел губерниясында дүниеге келген. 1872-74 жылдары Одесса сурет мектебінде, кейін Санкт-Петербург қаласында жеке студияда оқыған. 1879 жылдан Верный (Алматы) қаласында тұрған. Орта мектептерде суреттен сабақ берген. Жетісу облыстық басқармасында сызушы, жер өлшеуші қызметтерін атқарған. Қызмет бабымен қазақ арасында жиі болған. Осы сапарларда ол кескіндеме өнерімен тұрақты айналысады. 1913 жылы ол Верныйдағы мұғалімдер семинариясына сызу мен сурет пәндерінің мұғалімі болып қайта қызметке оралады.
Қазақстан Мемлекеттік өнер мұражайы қорында Хлудовтың 100-ден аса картина, акварель және эскиздері сақтаулы. Суретші «Түнгі барымта», «Дауылда қалғандар», «Бие сауу» т.б. суреттерінде қазақ халқының өмірі мен тұрмысын шынайы бейнелейді. «Киіз үйде» атты полотнода көшпелілер тұрақжайының құрылымы, оның ішкі жасау-жабдығы, ұлттық киім-кешек, күнделікті тіршілік қамы түгел қамтылған. Хлудовтың үздік туындыларының бірі – «Тайынша мінген бала». Тайынша үстіндегі күн қақтаған жалаңаш бала бейнесі аптап манауратқан дала аясында бірден көзге түседі. Осы сарын «Тау пейзажы» картинасында тағыда кездеседі. 1920 жылы ол Верныйда жергілікті ұлт жастары үшін бірінші сурет студиясын ұйымдастырады. Онда болашақ белгілі суретшілер Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, С.А.Чуйков т.б. оқыған.

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. – 562-563 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика