"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Тұран падишасы – Зарина

 

Жиырма бес ғасыр бұрын сақтардың падишасы өжет әрі сұлу Зарина өмір сүрген. Бір күні ол туған жерінің дарқан даласында серуен құрып, сергіп қайту үшін саятқа шығады.
Ақ сәйгүлік оқтай зулап дөң басына келгенде Зарина таудың етегінде сапқа тізіліп тұрған жау әскерін көреді. Олар да кенеттен шыға келген салт аттыны байқап, қуа жөнеледі. Зарина қоршауға алмақ болған жау әскерінен сытылып шығып, аттың басын еркіне жібереді. Қуғыншылар артта қалып қояды. Бірақ олардың көсемі Стриангей найзағай секілді қара тұлпарымен қуып жетіп, салт аттының басын шаппақ болады. Осы сәтте Заринаның күміс дулығасы ұшып кетіп, төбесіне түйген колаң шашы сусып барып арқасына төгіледі. Әйел екенін көрген қолбасшы қылышын жерге шаншиды. Мойылдай қара көзінен, хас сұлулығынан есі шыққан Стриангей сақ падишасы ару Заринаға ғашық болады. Өзі өр тұлғалы, өжет мінезді әрі қайырымды ханзаданы Зарина да ұнатып қалады.
Сақ сұлуы мен мидиялық ханзада саят-серуенде жиі жүздесіп жүреді. Аңға шыққан олардың бір-біріне деген мейірім-ықыласы арта түседі. Дұшпандықтың орнын достық басып, екі ел арасында тату көршілік қарым-қатынас орнайды...
Осындай бір кездесуде Стриангей Заринаға отау көтеріп, бір ел болайық деген көңілін білдіреді. Бұл ұсынысты қабыл алуға Заринаның өз басы әзір еді, бірақ ол елінің тағдырын ойлайды. Бір жыл бойы ойланып, мың толғанған Зарина Стриангейге тұрмысқа шықпайтынын айтады. Ол үшін махаббаттан да күшті нәрсе бар еді, ол – елінің тәуелсіздігі. Сол кезеңде Тұран мен Медияның арасында қақтығыс болмапты. Бұл Заринаның жеке басын бақытсыз ету арқылы еліне әперген бейбіт өмірі болатын.


Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 30 бет.
 

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика