"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Темірбек Ахметов

 

Темірбек Ахметов (1919-1952) – дарабоз күйші, сазгер. Ол Алматы облысында дүниеге келген. Темірбектің музыкаға деген ықыласы бала күнінен байқалды. Себебі ол жастайынан өнер дарыған ортада өскен. Оған белгілі күйші Тілендінің де тигізген ықпалы аз болмады.
Жетісулық күй мектебін жете меңгерген Темірбектің шығармалары аспапты музыка өнерінің бір саласы – теріс бұраудағы күйлердің ең озық үлгісіне жатады. Орындалу мәнері – төгіп тартылатын жаңаша құрылым.
Темірбек Ахметов 1937 жылдан Құрманғазы атындағы оркестрде еңбек еткені «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» Темірбек Ахметовтың «Шернияз», «Жетім бала» атты күйлері шебер орындайтын домбырашылардың репертуарынан берік орын алады.


Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 546 бет.
 

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика