"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Тастанбеков Құман Нұрмағанұлы

 

Тастанбеков Құман Нұрмағанұлы 1945 жылы 10 наурызда дүниеге келген. Актер, Қазақстанның халық әртісі. Ол қазіргі Алматы облысының Сарқант ауданында Покатиловка ауылында дүниеге келген. 1969 жылы Алматы өнер институтының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) актерлік факультетін бітірген соң Қазақ академиялық драма театрының құрамына қабылданды. Оның алғаш ойнаған рөлі – «Қыз Жібек» фильміндегі Төлеген. Бұдан кейінгі кинодағы рөлдері: Мұхамедов («Қыс – мазасыз маусым», ), Ғани («Ағам менің»), Бақыт («Ерекше күн»), Семетей («Аққулар ұшып келеді»), Нұрбек («Махаббат жаңғырығы»), Сәкен («Ағама арналған қалыңдык»), Мұрат («Қараша қаздар қайтқанда»), Еркін («Провинциялық хикая»), Болат («Өрнек), т.б. Сезім шынайылығы, психологиялық бояуға ден кою – оның актерлік өнеріне тән қасиет. Ол театр сахнасында Қасым, Құлбек (Ш. Айтматовтың «Ана – Жер-анасы» мен «Ақ кемесі» бойынша), Әлібек, Нарша, Абыз (М.Әуезовтың «Айман – Шолпан», «Қарагөз» және «Еңлік – Кебегі» бойынша), Тәңірберген (Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тері» бойынша), Жан (О.Бөкеевтің «Құлыным меніңінде»,) т.б. секілді әр алуан рөлдерді сомдап, қызғылықты мінез-кейіптер жасады. Ол – 1976 жылдан Қазақстан Комсомол сыйлығының лауреаты.

Дереккөзі: «Сен білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. – 561 бет.
 

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика