"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Тараз

Орта Азия мен Қытай мемлекеттерін байланыстырған Ұлы Жібек жолы қазақ жерін басып өткен. Керуен жолын бойлай өлкемізде ірілі-ұсақты бекіністер мен қалалар пайда болған. Солардың бірі әлемге әйгілі көне қала – Тараз.
Тараз қаласының іргетасы біздің заманымыздың шамамен I ғасырында-ақ қаланған. Қазба жұмыстары барысында ерекше сәулетті қала екендігі белгілі болды. Түрлі ғимараттар мен сәулетті құрылыстар археологтарды таң қалдырды. Көне Тараз астынан су кұбырлары, сауда дүкендері, зергерлік шеберханалар мен монша ғимараты табылған. Бұлардың барлығы түрлі ою-өрнектермен әшекейленіп, зер тастармен қапталған.
Тараз X - XII ғасырларда Қарахан хандығы заманында гүлденіп дамыған. Сол кезден қалған Айша бибі, Бабажы қатын, Тектұрмас, Қарахан мазарлары, Шамансұр (Дәуітбек) кесенесі тарихи ескерткіштер болып саналады.
Көне ескерткіш – Тараз моншасы ерекше үлгімен салынған. Монша 5 бөлмеден тұрған. Ыстық, суык сулар қыш құбырлармен келген.

Тараз төңірегін қорғаған ежелгі күзет мұнарасының қалдығы. ІХ-ХІІ ғғ.



Ежелгі Тараз

Дереккөзі: «Сен білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. – 305-306 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика