"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Сыпатаев Ербол

Сыпатаев Ербол Мұқажанұлы - 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. Ол 1964 жылы Алматы облысы Панфилов ауданы Еңбекші ауылында дүниеге келген. Е.Сыпатаев орта мектепті бітіргеннен кейін 1981 - 82 жылдары кеңшарда жүргізуші болып істейді. 1982 - 84 жылдары Кеңес Әскері қатарында болады. 1985 жылы Алматыдағы Энергетика институтына (қазіргі Алматы энергетика және байланыс институты) оқуға түседі.

1986 жылы 16-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық-әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене катысады. 18 желтоқсан күні ауыр жараланып ауруханаға түсіп, 23 желтоқсан күні сонда қайтыс болады. Мәйітін ауылына Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің кызметкерлері арнайы қарауылмен апарған. Қазақстан тәуелсіздік алған соң ғана Сыпатаев жөніндегі шындық айтыла бастады. Ол туралы баспасөз беттерінде, Желтоқсан көтерілісіне байланысты жарық көрген жинақтар мен кітаптарда жазылды. Жаркент қаласындағы бір көшеге (1995), ауылындағы оқыған мектебіне (1998) Сыпатаевтың есімі берілді.

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. – 166 бет.
 

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика