Қазақстандағы орта ғасырлардан белгілі қалалардың бірі – Суяб қаласы. Суябтың іргесі V - VI ғасырларда қаланған. Ол жайындағы деректер IX - X ғасырлардағы араб географтары мен тарихшыларының еңбектерінде кездеседі. Суяб ірі саяси және сауда орталығы болған. Қаланың аумағы 3 - 3,5 км. Қала IV ғасыр бойы бірін-бірі алмастырған ерте ортағасырлық үш мемлекеттің: Батыс Түрік қағандығы, Түркеш қағандығы және Қарлұқ қағандығының астанасы болған. Суяб Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан.
Зерттеушілер Суябтың орны Ақ Бешім қорғанының маңында болуы керек деп есептейді.
Дереккөзі: «Сен білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. – 304 бет.