"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Сарайшық


Сара
йшықтағы қазба
ж
ұмыстарының жалпы көрінісі

Сарайшық – XIII ғасырдың басында Жайық өзенінің жағалауында негізі қаланған қала, орта ғасырлардағы ірі саяси, мәдени және сауда орталығы.
Ол Шығыс пен Батысты байланыстыратын сауда жолының бойында орналасқан. XIV ғасырда Сарайшық Ақ Орда мемлекетінің, содан кейін Ноғай ұлысының орталығы саналған. XV ғасырдан бастап ол Қазақ хандығының әйгілі астаналарының бірі болған. Сондай-ақ Сарайшық – Алтын Орда хандары жерленген қасиетті жер (Мөңке Темір, Жәнібек, Бердібек).
Сарайшықта өзінің әділдігімен, ақылдылығымен, ұлылығымен аты шыққан Әз-Жәнібек хан 1347 - 1350 жылдары билік құрған. Сол кезеңде халық шалқыған дәурен кешіпті. Бұл туралы:
Сарайшықтың саздары,
Қаңқылдады қаздары,
Су сұрасаң, бал берген,
Ноғайлының қыздары, — деп халық әндеткен.
Сарайшықтың қирандысын қазіргі Атырау қаласынан 50 шақырым жерден Жайықтың жағасынан көруге болады. Қазба жұмыстары кезінде қала орнынан ақша сарайы, мешіт, монша, ауқатты адамдардың сарайлары, әдемі қыш құмыралар мен тас табақтар, әшекей бұйымдар табылған.

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. – 307-308 бет.

 

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика