"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Роза Рымбаева

Қазақстанның халық әртісі Роза Қуанышқызы Рымбаева 1957 жылы 28 қазанда Семейде теміржолшы отбасында туған. Ол әрдайым әсем және зор даусымен тыңдаушыларының сүйіспеншілігіне бөленіп келеді. Жеңістің 30 жылдығына арналған республикалық байқауда Роза «Әлия» әнімен зор табысқа қол жеткізді. Осы әнімен ол эстрада әлеміне жол ашты. 1976-1979 жылдары республикалық «Гүлдер» эстрадалық ансамблінің, 1979 жылдан «Қазақконцерт» бірлестігінің әншісі. Осы кезден бастап Роза Рымбаеваның шығармашылық өрлеуі басталады. Роза 1977 жылы «Өмір бойы әнмен бірге» атты Бүкіләлемдік теледидар байқауында бас жүлдеге ие болады. Осы жылы Роза тағы да екі «үлкен жүлдеге» – Болгарияда «Золотой Орфей» мен Польшада «Сопот» жүлделеріне қол жеткізеді. 1979 жылы Стамбулда өткен халықаралық байқаулардың иегері, 1983 жылы Кубада өткен «Гала- 83» халықаралық байқауының бас жүлдегері болады.
Роза Рымбаева 2000 жылы «Парасат» орденін иеленіп, «Эстрада жұлдызы» номинациясы бойынша «Жыл адамы» атанды. 2004 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын иеленді.

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. – 554 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика