"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Роза Бағланова

Роза Тәжібайқызы Бағланова (1922 - 2011) – халық сүйіспеншілігіне бөленген КСРО халық әртісі. 1922 жылы 1 қаңтарда Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүниеге келген. Қызылорда педагогикалық институтында білім алған. 1941-1947 жылдары Өзбек филармониясы ән-би ансамблінде жұмыс істеп, Ұлы Отан соғысы жылдары ұрыс шебінде ән айтқан.
Розаның музыкаға деген құштарлығы балалық шағында пайда болған. Небары 4 жасында ата-анасымен қонаққа барған ол ән айтып, би билеп, көпшіліктің назарына түседі. Осы кеште болған қонақтар «бұл кішкене де сүйкімді қыз әншілік жолды таңдауы тиіс» деген ұйғарымға келген екен.
Әншінің жіңішке де нәзік сопраносы тыңдаушыларын таңдандырып, оның бай репертуары үнемі ең жоғары деңгейде орындалады. Роза Бағланова әлемнің көптеген халықтарының әндерімен танымал, сол себепті гастрольдерде көрермендердің махаббаты мен жылы ықыласына бөленуде. «Ах, Самара-городок» әні 1949 жылы Бухаресте өткен Бүкіл дүниежүзілік жастар мен студенттердің II фестивалінде лауреат атануына жол ашты.

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. – 551 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика