"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Рахима Жұбатұрова

Рахима Жұбатұрова – атақты опера әншісі, Қазақстанның халық әртісі. Рахима Жұбатұрова 1943 жылы Әндіжанда (Өзбекстан) туған. Алматы консерваториясын бітіріп, 1975 жылдан Абай атындағы Опера және балет театрының әншісі болған.
Талантты әнші репертуарында Сараның (М.Төлебаев, «Біржан мен Сара»), Дананың (Е.Г. Брусиловский, «Ер Тарғын»), Гүлбаршын мен Қамардың (Е.Рахмадиев, «Алпамыс» пен «Қамар сұлу») Татьяна мен Иолантаның (П.И. Чайковский, «Евгений Онегин» мен «Иоланта») және басқа да көптеген кейіпкерлердің әйгілі партиялары бар.
Рахима Жұбатұрова өз өнерін Австрия, Германия, Польша және Югославия театрларының сахналарында көрсеткен.

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. – 552-553 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика