"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Олжас Омарұлы Сүлейменов

Олжас Омарұлы Сүлейменов – ақын, қоғам қайраткері. Ол 1936 жылы 18 мамырда Алматы қаласында дүниеге келді. 1992 жылдан бері Қазақстанның халық жазушысы атанды. Халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының төрағасы болды. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Арғымақтар» деген атпен 1961 жылы жарық көрді. Сол жылы ғарышкер Юрий Гагариннің ғарышқа ұшу сәтіне арналған «Адамға табын, Жер, енді» поэмасы арқылы көпшілікке танымал болды. Сондай-ақ «Қыш кітап», «Кактус», «Өлмейтін кұмырсқа» поэмаларымен қатар, «Шапағатты шақ», «Талма түсте тағы бір қайталап», «Әр күн – арайлы таң», «Кемер» атты кітаптары мен бірнеше тіл сөздерінің этимологиялык талдауларына арналған «Аз и Я» кітабы, «Язык письма» атты филологиялық зерттеу еңбегі жарық көрген.
О.Сүлейменов қазақ кино өнерін дамытуға да үлкен үлес қосты. Оның сценарийі бойынша «Бабалар жері», «Көгілдір маршрут», «Қыс – қысылшаң мезгіл», «Мұхтар Әуезов туралы сөз», «Соңғы өткел», «Үндістан сазы», «Жастық шақ заставасы» кинофильмдері түсірілді. Ақынның шығармалары шет ел тілдеріне аударылды.

 

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 603 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика