"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Нұр тоқай (көк қашан) шайқасы

1457 жылы Әбілхайыр хан мен ойрат тайшысы Өзтемір әскерінің арасында болған шайқас Нұр Тоқай шайқасы немесе Көк Қашан шайқасы деген атпен аталып жүр. XV ғасырдың бас кезінде пайда болған Ойрат хандығы бірден Моғолстанның шығыс  шекараларына шапқыншылық жасай  бастайды.  Өйткені  ойрат (қалмақ) шонжарларын өз жайылымдарын кеңейту мүмкіндігі қызықтырды. Содан да олар Жетісуға ғана емес, Орталық Азиядағы отырықшы аудандарға да көз тікті. XV ғасырдың 50-ші жылдары ойраттар Сыр бойындағы қалаларға шабуыл жасады. Нұр Тоқай шайқасы Әбілхайыр хандығының астанасы - Сығанақ қаласына таяу жердегі жазықта өтті. Нұр Тоқай шайқасында ойраттар толық жеңіске жетіп, Әбілхайыр хан өз әскерінен қалған аздаған қолмен Сығанақ қаласына келіп тығылды. Қарсылыққа кезікпеген қалмақтар Түркістан, Ташкент пен Шахрух қалаларының төңірегін тонауға кірісті. Кетерінде Өзтемір тайшы Әбілхайыр ханмен аса ауыр бітім жасасты. Осы жеңілістен кейін Әбілхайыр хандығынан көшпелі тайпалар, соның ішінде Керей мен Жәнібек бөлініп кетті.

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 146 бет.
 

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика