"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Нұрмұхан Жантөрин

Нұрмұхан Жантөрин (1928 - 1990) – атақты қазақстандық актер, Қазақ КСР-ның халық әртісі. Оның аса жарқын кейіпкерлерінің бірі – мәмлүк Бейбарыс сұлтан бейнесі. Күрделі де қарама-қайшы ұлы тұлға – Бейбарыс көрермен жүрегінен шықты. Бұрын құл болған, кейін ең жоғары дәрежеге жеткен ол өз туған жерінің алтын бесігіне оралуға құштар еді. Ешқандай билік те, байлық та, даңқ та оның сыздаған жүрегін жаза алмады. Өйткені оның құлағынан сыңғырлаған «көке» деген сөз, мұрнынан емшанның ащы иісі кетпеді. Осы рөлі үшін «Шоқжұлдыз – 90» Бүкілодақтық фестивалінде Н.Жантөрин арнайы сыйлықпен және «Актер шеберлігіне қосқан зор үлесі үшін» дипломымен марапатталды.
Н.Жантөрин 1928 жылы 22 сәуірде Жайық өзенінің жағасында дүниеге келген. Актердің ата-бабалары – беріш руынан шыққан қыпшақтар Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында көшіп-қонған екен.
Ш.Айтматовтың «Аптап» атты шығармасы бойынша түсірілген Лариса Шепитьконың фильмінде Жантөрин мықты да тік мінезді тракторшы Әубәкірдің рөлін керемет ойнады. Өз шығармашылық жолын М.Донскойдың «Алитет тауға барады» фильмінен бастаған. Жантөрин 80-нен аса әр түрлі рөлдерде ойнап, даңқы биік өрлеген.

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 558 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика