Мұхаммед Хайдар Дулат (Дуглати) (XVI ғасыр) – аса көрнекті тарихшы, ақын, мемлекет қайраткері және әскербасы. Белгілі дулат руынан шыққан. Өз заманына сай жоғары мұсылмандық білім алған. Ол түрік, араб және парсы тілдерін жетік білген. Өлең жазып, сурет салумен де айналысқан. Қолөнер кәсібінің шебері болған: ағаштан ою ойған, асыл затгар, жебе мен садақ, пышақ жасаған, құрылыспен айналысқан, ою-өрнек салған, т.б. жетік білген.
Үлкен мемлекеттік және әскери қызметтерде болып, ұзақ жылдар бойы Моғолстанның (Қашғар хандығы) ханы Саидтың ұлының тәрбиешісі болып қызмет аткарады. Өзі билік құрған Үндістанның Кашмир қаласында қайтыс болған.
Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Түрікменстан және Үндістан жерлерінде өткен көптеген оқиғалардың куәгері әрі оларға қатысушы ретінде Хайдар Дулат баға жетпес тарихи еңбек («Тарих-и Рашиди») жазады. Онда қазақтардың, өзбектердің, қырғыздардың тарихы, мәдениеті, шаруашылығы, тұрмыысы, салт-дәстүрі жөнінде маңызды деректер келтіреді. Оның кітабы Қазақ хандығының тарихы бойынша аса құнды еңбек болып табылады. Осылайша Хайдар Дулат тұңғыш рет Қазақ хандығының құрылған мерзімі және Жәнібек пен Керейдің тұңғыш қазақ хандары болғаны туралы хабардар етеді.
Дереккөзі: «Сен білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 587 бет.