"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Махмұт Қашқари

Махмұт Қашқари (XI ғасыр) – аса көрнекті ғалым, филолог. Қарахандар мемлекетінің билеушілері әулетінен шыққан. Қашқар қаласында алған білімін Бұхар мен Нишапурда жалғастырған. Махмұт жас кезінен-ақ түркі тайпаларының тіліне, әдебиетіне және этнографиясына үлкен көңіл бөліп, қызыға зерттейді. Орта Азия жерін қоныстанған түркі елдерін түгелдей аралап, олардың өмірі, салт-дәстүрі туралы баға жетпес деректер жинайды. Осы лингвистикалық, тарихи, мәдени және фольклорлық деректердің негізінде ортағасырлық түркілер өмірінің энциклопедиясы болып саналатын үш томдық «Диуани лұғат ат-Түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбегін жазады. Бұл шығармада Қазақстан аймағы және түркі тайпалары туралы баға жетпес құнды деректер бар.

Махмұт Қашқари – алғашқы түркілік әлем картасының авторы. Дөңгелек әлем картасы мұсылман картографиясының жүйесінде елеулі орын алады. Картаның орта шеніне Қарахандар астанасы – Баласағүн қаласын орналастыруы оның түркілер жеріне, өзінің мемлекетіне деген сүйіспеншілігін білдірсе керек.


Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 586 бет.
 

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика