"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Мұсылмандық жыл санау жүйесі

Қазақтың көне жазба әдебиеттерінде, жазба шежірелерінде жыл есебі һижра (Қижра - араб күнтізбесі) бойынша беріліп отырған. Ислам дінін ұстанған халықтардың кейбірінде һижра бойынша жыл санау дәстүрі кең тараған.

Исламнан бұрын Арабияда 24 жылдық жыл санау есебі қолданылған. Ислам діні шыққаннан бері арабтар қолданатын жыл санау жүйесі - «Тарих әл-һижра» деп аталады. «Һижра» – «ауып бару, қоныс аудару» деген мағынаны береді. Қазіргі араб күнтізбесі һижрадан, яғни Мұхаммед пайғамбардың Мекке қаласынан Мединеге қоныс аударған күнінен басталып есептеледі. Бұл – 622 жылғы шілде айының 16-сына қараған түні. Һижра есебін Мұхаммед өлгеннен кейін 5 жыл өткенде, 637 жылы халиф Омар ибн әл-Хаттаб (634 - 644) жасаған.
Мұсылман немесе араб күнтізбесіндегі жылдың басы жылжып отырады. Һижраның Күн қозғалысына қатысы жоқ. Һижра, негізінен, Ай өзгерістеріне байланысты жасалған күнтізбе болып табылады. Ол тек Айға негізделген. Жерлері ыстық және шөлді болғандықтан, олар күндіз демалып, түнгі салкында Айдың жарығымен жұмыс жасайтын болған. Араб күнтізбесінің шығуының басты себебі де осы.


Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 360 бет.
 

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика