"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Мұхтар Шаханов

Мұхтар Шаханов – ақын. Ол 1942 жылдың 2 шілдесінде Оңтүстік Қазақстан облысының Қасқасу ауылында дүниеге келген. 1996 жылдан бері Қазақстан Республикасының халық жазушысы.
М.Шахановтың  алғашқы өлеңі 1959 жылы «Сырдария» деген атпен жарияланып, «Бақыт» атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1966 жылы жарық көрді. Ақынның «Балладалар», «Ай туып келеді», «Қырандар төбеге қонбайды», «Ғашыктық», «Махаббатты қорғау», «Ғасырларды безбендеу», «Уақыт бедерлері», «Зерде» атты өлеңдер, балладалар мен поэмалар жинақтары жарық көрді. «Танакөз», «Сейхундария», «Күретамырды іздеу», «Сенім патшалығы», «Махаббатты қорғау», халық батыры әрі ақын Махамбетке арналған «Нарынқұм трагедиясы» мен «Жеңілген жеңімпаз хақындағы Отырар дастаны немесе Шыңғыс ханның кателігі» атты поэмалары окырмандардың сүйіспеншілігіне бөленді. «Өркениетгің адасуы» атты жинағы Шахановты әлемдік әдебиетгегі белестерге көтерді. Шығармалары бірнеше тілге аударылып, шет елдерде жарық көрді.
М.Шаханов 1991 жылдары бірінші болып, 1986 жылғы Алматыдағы жастар көтерілісіне қатысушылардың ерлігін халық алдында мойындатып, олардың қоғамдағы дәрежелерінің көтерілу істеріне ат салысты. Ақын ағамыз қоғамда қазақтың ана тілі мен ұлт жанашыры ретінде белсенділік танытуда.

 

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 603 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика