"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Мөңке

 

1251 жылы Жалпымоңғол Құрылтайында Төленің баласы Мөңке Ұлы хан болып тағайындалады. Оның хан сайлануына Жошы ұлысының билеушісі - Батудың қолдауы маңызды рөл атқарды.
Мөңке хан Күйік билік құрған жылдары әлсіреген мемлекеттің іргетасын нығайтады. Мөңке хан сауда мен қолөнер ісін жүргізудің жаңа тәртібін енгізеді. Мөңкенің тұсында Иранды басып алу аяқталып, Бағдад тізе бүгеді. Ол енді жаңа жердің билеушісі етіп бауыры Хулагуды тағайындайды. Хулагудың ұрпақтары осы жерде өздерінің тәуелсіз мемлекетін құрады. Мөңке әскері оңтүстік Қытайда Сун әулетіне қарсы ауыр соғысты жалғастырады. Бұл жерде моңғолдарға ханның өзге інісі Құбылай қолбасшылық етеді. Кезекті бір Қытай қаласын басып алудан кейін Құбылай тұрғындарға кешірім жасайды, Моңғол заңына қайшы келетін бұл жағдай Мөңкеге ұнамайды. 1258 жылы ол моңғол әскеріне қолбасшылық етіп Қытайға аттанады, бірақ 1259 жылы 11 тамызда Қытайдың Хэчжоу қаласын қоршау кезінде қайтыс болады.
Мөңке тұсында француз королі IX Людовиктің өкілі, еуропалық жиһанкез Гильом де Рубрук Қарақорымға келген. Ол өзінің «Шығыс елдеріне саяхат» атты кітабында Шыңғыс хан империясының тұрмысын толық сипаттап жазған.


Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. – 36-37 бет.
 

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика