Жамбыл облысы Мерке ауданы Мерке ауылының батыс жағында ортағасырлық Мерке қалашығының орны бар. Мерке қаласы VII ғасырдан бастап жазбаша деректерден белгілі. Меркенің орталығының қираған орны шығыстан батысқа қарай созылған төртбұрышты төбешік болып жатыр. Қаланың оңтүстік-батыс бөлігінде биіктігі 1,5-2 метрлік ішкі қамал дуалының (қабырғасының) қалдықтары бар. Ішкі қамалдың іш жағы 110x75 м2 төртбұрыш алаң тәрізді. Онда әр түрлі үлгідегі және көлемдегі құрылыстардың қалдықтары сақталған.
Қазба жұмысы кезінде көптеген қыш ыдыстар, темір пышақ сынықтары, қоладан, шыныдан, тастан жасалған әшекей бұйымдар және ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жабдықтар табылды.
Меркені адамдар VII-ХШ ғасырларда мекен еткен.
Дереккөзі: «Сен білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. – 302 бет.