"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Меруерт Өтекешова

Меруерт Өтекешова Қаратайқызы 1951 жылдың 25 ақпанында дүниеге келген. Актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. Орал қаласында дүниеге келген. 1973 жылы Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттык консерватория) бітірген. 1973 жылдан Қазақ академиялық драма театрында қызмет етеді. Осы театр сахнасында бірқатар ролдерді сомдады. М.Әуезовтың «Қарагөз» спектаклінде Қарагөз рөлі үшін 1982 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық Жастар шығармашылығы байқауының лауреаты атанды. М.Өтекешова «Қыз Жібек» (1970), «Менің ағам» (1972), «Ұлымның оралуы» (1977), «Қосымша сұрақтар»(1977), «Тентек балалар»(1980), «Жылан жылы» (1981), «Өрнек» (1982), «Кінәңді ақта» (1983), «Жауын», «Ақ бақсы» т.б. фильмдерге түскен.

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. – 560-561 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика