"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Манаш Қозыбаев

Манаш Қабашұлы Қозыбаев (1931 - 2002) – тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик, ҚР еңбек сіңірген ғылым 0айраткері. Ол өмір жолын ұлт мүддесін қорғауға арнады. Қазақ тарихын биік өреден көргісі келді. Сондықтан оның ғұмырынан ел басынан кешкен өмірдің қырларын аңғаруға болады.
Ғалымның балалық шағы Қостанай облысындағы Мендіқара ауданында өткен. Ол еңбегімен, абыройлы ісімен елге танылған атасы Қозыбай мен анасы Ақсұлу апайдың тәрбиесін алып өсті.
М. Қозыбаев Қазақстан тәуелсіздігінің он жылы ішінде еліміздің өткен тарихын, қазіргі қоғамдық-әлеуметтік жағдайын ақиқат тұрғысында саралауға зор үлес қосты. Қазақстандағы тарих ғылымының соңғы жетістіктері туралы зерттеу жүргізді. Қазақ жұртына өз тарихын тереңірек түсінуге көмектесті.

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. – 608 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика