"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Құмкент

Оңтүстік Қазақстандағы Шолаққорған ауылынан 30 шақырым жерде ортағасырлық Кұмкент қаласының орны сақталған. Ол XIII-XIV ғасырларда Таластан Сайрамға карай созылған керуен жолы бойындағы ірі сауда орталығы болған. Құмкент айнала қорғаныс дуалмен қоршалған. Базары дуалдың сырт жағында орналасқан. Құмкентке 1256 жылы Мөңке ханға барып кайтып келе жатқан армян патшасы Гетум I тоқтаған.

Қазіргі уақытта қаланың қираған орны (биіктігі - 20 м, ұзындығы -450 м, ені - 300 м) төбешікке айналған. Қалашықтың сыртқы жағында қаланы қоршаған биіктігі 1,5 - 2 м дуалдың орны сақталған. Оның сыртынан қазылған ордың ені - 10-20 м. Жүргізілген қазба жұмысы кезінде түрлі ғимараттар орны аршылып, ыдыстар, мөр-сақина, ұршық бастары, т.б. заттар табылды. Табылған ескерткіштерге қарағанда, қаланы адамдар X -XV ғасырларда мекендеген.

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. – 303 бет.
 

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика