"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Құлан

Жамбыл облысы Рысқұлов ауданы Құлан ауылының маңында ортағасырлық Құлан қаласының орны сақталған. Құлан қаласы туралы VII ғасырдағы қытай, араб жазба деректерінде айтылады. Құлан қаласында көптеген тарихи оқиғалар өткен. Мысалы, 740 жылы түргеш бегі Құрсұл Батыс Түрік қағандығының ең соңғы басқағы Ашина Суйцзыны осы қалада өлтірген. 840 жылы араб әскерлері Құланға дейін жеткен. Тараздан және Меркеден Құланға дейінгі арақашықтық көрсетілген жол бағдарлары жазылып сақталған.
Қаланың орнынан шахристан, ішкі қамал және шығыс жағында бекініссіз рабат болғандығын байқауға болады. Ішкі қамал – биіктігі 7-8 метрге жуық, төртбұрышты, 40x40 м2 алаңы бар төбе. Шахристаны төртбұрышты төбе пішіндес. Ол ұзындығы 320 м, биіктігі 4-5 метрге жуық қабырғамен, сыртынан тереңдігі 1 м, ені 15 м ормен қоршалған. Қазба жұмыстарының нәтижесінде ғимараттардың орнынан көптеген ыдыстар – құман, қазан, құмыра, қақпақ, саптыаяқ, шырағдан, т.б. алынған.
Құлан орта ғасырларда Ұлы Жібек жолындағы ірі мәдени-сауда орталықтардың бірі болған.


 

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. – 302-303 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика