"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Қорқыт ата кесенесі

Қорқыт дананың қабірі қай жерде екенін тап басып айту мүмкін емес. Оның кесенесі туралы көнекөз адамдардың әрқайсысы әр түрлі айтады. Неғұрлым анығы һәм атақтысы – Сырдарияның төменгі ағысындағы Қармақшы қыстағының маңындағы кесене. Осы кесене ұзыннан созылған сегіз қырлы үлгіде, төбесі күмбезделіп салынған. Бұрыштары оюлармен өрнектелген. Кесенеге жалауы бар ұзын сырғауыл қойылған. Өкінішке қарай, Сырдарияның ағынды суы бұл күмбез бен қабір басындағы белгіні баяғыда шайып жіберген. Қазір сол жерге жаңа кесене салынған.
Қорқыт ата кесенесінен әркез қобыз күйі естіліп тұрған деседі. Оның жаңа кесенесі төрт қобыз бір-біріне сүйеніп тұрғандай етіп биікке салынған, одан қобыздың сырлы әуезі шығып жатқандай болады.
Халық арасында Қорқыт қобыз бен күйдің атасы саналады. Ол өзі ойлап тапқан қобызбен күй тартып, ажалды жолатпаған екен. Қорқытты ел шежіресінде мәңгілік өмір жыршысы, бақсылардың атасы, ұлы сазгер ретінде қастерлейді.

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. – 504 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика