"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Қажымұқан Балуан(1871 -1948)

Қажымұқан Мұңайтпасов – әлемдік аренаға шыққан қазақтың тұңғыш балуаны, дүние жүзінің бірнеше дүркін чемпионы.
Қажымұқан он төрт жасында саудагер байға жалшы болыпты. Бірде бай оны ат шанамен шөп алып кел деп жұмсапты. Қыс мезгілі екен. Қайтар жолда қар жауып, аты шананы тарта алмай зорығып өліпті. Қажымұқан ойланбастан атты шөптің үстіне лақтырып тастап, шананы атымен бірге өзі сүйреп алып келіпті.
Қажымұқан күрес өнерін өзінің туысы Ержақбалуаннан үйренеді. Кейін Санкт-Петербургтегі атақты Лебедевтің балуандар мектебінде әбден шыңдалып толысады. Осы кезде даңқы жер жарған Иван Поддубныймен достасады. Алекс Аберг, Збышко Цыганевич, Иван Шемякин сияқты орыс, поляк және Қара Ахмет, Мұстафа атты түрік балуандарын жеңіп, аты әлемге әйгілі болады. Жапон балуаны Саракаки Жиндофуды «джиу-джитсу» күресі әдісімен жығады. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен соң Қажымұқан туған елі – Қазақстанға оралады. Ел-жұртты аралап әр түрлі ойын көрсетеді. Үстіне 20-30 адам отырғызылған арбаны тісімен сүйрейді. Іші адамға толы бір жарым тонна машинаны үстінен жүргізіп өткізеді. Кеудесіне кесек тасты қойғызып, балғамен ұрғызады. Темір жол рельстерін мойнына салып, галстукша иеді.
Қажымұқан Ұлы Отан соғысы жылдарында қартайғанына қарамастан, осындай ойындар өткізіп, жиған ақшасына ұшақ жасатқан. Оған ұшқыш Б.Шалабаев отырып, талай ерліктер көрсеткен. Қазір Шымкент облысының Темірлан ауылында Қажымұқанның мұражайы бар.

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. –567-568 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика