"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Күйік

Үгедей өлгеннен кейін билік тізгінін жаңа ханды сайлағанға дейін оның жесірі Туракино өз қолына алады. Ол кеңесшілері мен қолбасшыларының емес, сарайдағы қызметші әйелдердің сөзін көбірек тыңдайды. Іштеріндегі тұтқын парсы қызы Фатима айтарлықтай көзге түседі. Осы кезде моңғол ақсүйектері арасында алғаш рет ашық келіспеушіліктер байқалған еді. Тек 1246 жылы өткен құрылтайда Үгедейдің ұлы Күйік (1205 ж. туған) хан деп жарияланады. Оның хан сайлануына моңғолдар риза болмайды. Күйік хан наразылардың бір бөлігін - Шыңғыс ханның бауыры Темуге-Отчигиннің жақтастарын өлім жазасына кеседі. Елді басқарудан Төле ұрпақтары да шеттетіледі. Жошы ханның ұлы, мұрагері - Бату Күйік ханға ашық түрде қарсы шығады. 1248 жылы Күйік пен Бату әскері бір-біріне қарсы ұрысқа аттанады, бірақ Күйік хан жолда белгісіз себеппен қаза болады. Моңғол империясында тағы да өзара қақтығыс басталады. Шыңғыс хан ұрпақтарының арасында тақ үшін талас-тартыс күшейеді.
Күйік хан билігі тұсында моңғолдар Кавказда, Кореяда, Қытай мен Иранда соғысты жалғастырған. 1246 жылы Қарақорымдағы хан ордасына Рим папасы IV Иннокентийдің елшісі францискандық монах Иоанн де Плано Карпини келіп, Күйікті империяның Ұлы ханы етіп сайлау рәсіміне қатысқан. Ол өз көргендерін «Моңғолдар тарихы» атты кітабында жазып қалдырған.

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 36 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика