"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Кәукен Кенжетаев

Кәукен (Әбдірахым) Кенжетаев (1916 - 2008) - әнші, Қазақстанның халық артисі. Ол Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1936-41 жылдары Мәскеу консерваториясы жанындағы қазақ студиясында оқыған. 1959 жылы Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. 1942-46 жылдары Хабаровскідегі шекарашылар ансамблінде қызмет атқарады.1946 жылдан Қазақ академиялық опера және балет театрында еңбек етеді. 1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысады.
Кәукен Тарғын, Жалбыр, Бекежан, Семён (Е.Г. Брусиловскийдің «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Қыз Жібек», «Дударайында»), Жанбота (М.Төлебаевтың «Біржан Сарасында»), Эскамильо (Ж.Бизенің «Карменінде»), Князь Игорь (А.П. Бородиноның «Князь Игорінде»), Руслан (М.И. Глинканың«Руслан мен Людмиласында»), Демон (А.Г. Рубинштейннің «Демонында»), Алексо (С.В. Рахманиновтың «Алекосында») партияларын шебер орындады. 1957 жылданбастап киноға түсіп, Бауыржан Момышұлы («Ел басына күн туса да»), Нұртаза («Ән қанатында»), Танабай («Тұлпардың ізінде»), Жаппас («Таудағы шынарда»), Базарбай («Қыз Жібекте»), Қазанғап («Боранды бекетте») т.б. рөлдерін ойнады. Кәукен Кенжетаев режиссер ретінде Брусиловскийдің «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Қыз Жібек», «Амангелді», С.Мұхамеджановтың «Айсұлу», Е.Рахмадиевтің «Алпамыс», П.И. Чайковскийдің «Қарғаның мәткесі» т.б. операларды қойды.
1979 жылдан өнер академиясында дәріс береді. «Дархан дарын», «Мәжит Бегалин», т.б. кітаптардың авторы. Гастрольдік сапармен Польша, Моңғолия, Румыния, Туркия, Грекия, Египет, Сирия, Ливан т.б. елдерде болған. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. – 550 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика