"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Зәуірбек Молдағалиұлы

Зәуірбек Молдағалиұлы Райбаев (1932) –Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, халық әртісі, қазақ балет әртісі және педагог. Алматы мен Санкт-Петербург хореография училищелерінің жетілдіру сыныбын, Мәскеу Мемлекеттік театр және өнер институтының балетмейстерлік бөлімін бітірген. Алматыдағы Абай атындағы Опера және балет театрының балетмейстері болған.

Зәуірбек Райбаевтың репертуарында П. Чайковскийдің «Аққу көлі» мен «Ұйқыдағы ару», Ғазиза Жұбанованың «Ақ құс туралы аңыз», Қ.Қожамияровтың «Чин-Томур» және тағы басқа шығармалары бар.
Зәуірбек Райбаев – 1957 жылы Мәскеуде өткен жастар мен студенттердің Дүниежүзілік фестивалінің және бүкілодақтық эстрада әртістері конкурсының лауреаты.

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 565 бет.
 

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика