"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Жошы хан кесенесі

Қазақстан жерінде қайталанбас бітімді тарихи ескерткіштер өте көп. Соның ішінде тарихи тағдырымен, сәулеттік-көркемдік бітімімен айрықша көз тартатындардың бірі – Жошы хан күмбезі. Күмбез Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде, Кеңгір өзенінің жағасында орналасқан. Күмбез Алтын Орданың негізін салушы, қазақ хандарының арғы атасы – Жошы ханға арнап салынған. Ертедегі казақ аңыздарының бірінде Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы құлан аулап жүріп, нөкерлерінен алысқа ұзап кетеді. Осы кезде құландар үйірінің бір ақсақ құланы Жошыға тап береді. Ақсақ құлан шабуылының тегеурінді болғаны сондай, Жошы хан атынан құлап, қаза табады.
Жошы хан күмбезіне жүргізілген қазба жұмыстары кезінде күмбездегі екі қабірдің біреуіндегі адам сүйегінің оң қолы жоқ екендігі анықталған. Бұл «Жошыны аң аулап жүргенде құланның айғыры шайнап өлтірді» немесе «Жошыны жерлегенде бір қолы жоқ болған» деген халық аңызына сәйкес келеді. Екінші қабір Жошының үлкен бәйбішесі Бектумыштікі болса керек.
Күмбез шамамен 1228 жылы бой көтерген. Оның керегесі өрнектелген кірпіштермен қапталған. Бірақ бүгінде ол өрнектелген кірпіштердің жекелеген сынықтары ғана сақталған. Қос қабатты зәулім күмбезінің сыртқысы көркемдік үшін бедерлі кірпіштермен әшекейленген. Күмбездің ішкі жағында Жошының қарамағында болған оғыз, арғын, қыпшақ, керей, найман, қоңырат, қаңлы, т.б. тайпалардың таңбалары салынған.

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 509 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика