"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Жиренше шешен

Жиренше шешен (т.-е.ж.б.) - Қазақ хандығын құрған Жәнібек хан (XV - XVI ff.) тұсында өмір сүрген атақты шешен. Жиренше шешеннің есімі ақыл, парасаттың үлгісі ретінде қазақ ауыз әдебиетінен 6epiк орын алған. Халық аңыздары бойынша Жиренше шешен кедей адам болған. Ол дербес Қазақ хандығын құруда ханға көмектескен, оған пайдалы кеңестер айтып, халық бұқарасының атынан сөйлеген. Оның атынан айтылып, халық жадында сақталған аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздер көп. Олардың көпшілігі XV - XVI ғасырлардан басталатын халық шығармасына немесе әлденеше адамның, бірнеше буынын өңдеп, өзгертуінен өткен ортақ мұраға айналып кеткен. Жиренше шешен туралы аңыздарда оның әйелі Қарашаш та ақылды әpi тапқыр жан ретінде суреттеледі. Басқа түркі тілдес халықтар фольклорында да Жиренше шешен туралы ертегі, аңыз, әңгімелер кездеседі. Мысалы, қарақалпақта Жиренше шешен, қырғыздарда Жээренче чээчэн, түркіменде ақылды да тапқыр, әділ Ийкренче туралы аңыздар бар. Жиренше шешен туралы әңгімелерді негізінен үш салаға бөлуге болады. Біріншісінде ол Жәнібек ханның yәзipi, ақылшысы, досы ретінде бейнеленеді, екіншісінде ханның кемшіліктерін бетіне айтып, ақыл-парасатымен өзін мойындата білген әділ адам ретінде суреттеледі, үшіншісінде оның өз әйелі Қарашашпен т.б. қарапайым халық бұқарасы өкілдерімен қарым-қатынасы  көрсетіледі.

 

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 526 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика