"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Әсет Найманбайұлы

Әсет Найманбайұлы (1867-1922) – ақын, әнші-композитор. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Бақты ауылында дүниеге келген. Әсет кедей шаруа отбасынан шыққанымен, ескіше оқыған, көзі ашық адам болған. Әсет – негізінен, айтыс ақыны. Ол Ырысжан, Әріп, Бақтыбай, Кәрібай, Қали, Сәмбет деген ақындармен және Мәлике қызбен айтысқан.
Әсет Найманбайұлының «Салиха – Сәмен», «Ағаш ат», «Перизат», «Үш жетім қыз», «Нұғман – Нағым», «Мәлік – Дарай», «Жәмсап», «Кешубай» атты қисса-дастандары, «Жас жігіт  надандықпен  алданады»,  «Өсиетнамада»,  «Сүйенген, жаным, жалғыз өзің», «Сеніспей, уағдалы серттен қайтпа», «Қарақұрсақ Күшік болысқа», «Ақырғы сөз», «Жас шама» т.б. көптеген шығармалары бар. Ол А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» романын аударып (еркін аударған), оны өзі қисса етіп жырлаған.
Әсет мұраларының ішінде халыққа кеңінен тарағаны – оның әндері. Ол Біржан сал, Ақан серіден дәуірлеген Арқа әнінің дәстүрін жалғастырып дамыта түсті. Оның «Кіші Ардақ», «Үлкен Ардақ», «Қарагөз», «Мақпал» әндерінде психологиялық тереңдік пен адамның жан дүниесін қозғайтын нәзік лирика, Ақан әндерінің әсері байқалады.
Ақын шығармаларының тұңғыш жинағы 1968 жылы Б.Адамбаевтың құрастыруымен басылды. Жинаққа Әсеттің 34 өлеңі (әнін қоса), 4 айтыс-қағысы, 4 дастан-қиссасы жарияланса, 1988 жылғы Б.Нұржекеевтің «Әсет» атты жинағына 29 ән мәтіні, 71 өлеңі, 10 айтыс-қағысы, 8 қисса-дастаны енгізілген.
 
Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 542 бет.
Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика