"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Әлкей Марғұлан

Әлкей Хақанұлы Марғұлан (1904 - 1985) –қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, өнерін зерттеуге ерте араласқан филология ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Ол Павлодар облысында дүниеге келген. Жас кезінен хат танып, халық жырын жаттап өседі. Бірнеше археологиялық ескерткіштерді тауып, ежелгі қорым-қоныстар мен қала орнын анықтады, Талас, Шу, Сырдария өзендері бойындағы ежелгі қалалардың орнында қазба жұмыстарын жүргізді. Ортағасырлық Отырар, Тараз, Сайрам, Сығанақ қалаларының мәдениетін зерттеді. Орталық Қазақстан төңірегіндегі қола дәуірінің Бегазы-Дәндібай мәдениетін ашты. Қазақстан жерінде ежелден саз балшықтан ыдыс жасау, металл өңдеу кәсібі және сәулет, құрылыс өнері болғандығын дәлелдеді.

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 606 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика