"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Дүзелханов Ағымсалы

Дүзелханов Ағымсалы – суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1996). Ағымсалы Дүзелханов 1951 жылы 19 тамызда Қызылорда облысы Қазалы қаласында дүниеге келген. 1976 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1982 жылы Мәскеу көркемсурет институтын бітірген. Қолданбалы графика, плакат, кітап безендіру. кескіндеме, портрет жанрларында еңбек етеді.

Тарихи, фольклорлық тақырыптағы және балаларға арналған 200-ден астам кітабі безендірген. «Алтын сарбаз», «Түркістан», «Ордабасы», «Оғыз хан», «Көроғлы» т.б, кескіндеме туындыларының, сондай-ақ «Абылай хан», «Әбілқайыр хан», «Қазыбек би», «Әйтеке би», «Төле би», «Қорқыт» т.б. портреттер сериясының авторы.
Суретшінің туындылары Қазақстанның және шет елдердің өнер мұражайларына қойылған.

 

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. – 564 бет.
 

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика